top of page

Жобалар

ПРОЕКТ 4
 

Это текст. Нажмите один раз и выберите «Редактировать текст» или просто кликните дважды, чтобы добавить свой текст и настроить шрифт. Вы можете переместить его в любое место на странице. Расскажите посетителям сайта о себе.

Талды ауылының тарихы

         Талды ауылының ескіше аты – Шаруатеңеу болған. 1926 жылы осы Шаруатеңеу «Мойын» серіктігі құрылған. Осы уақытта шаруалардың басын қосып, серікті құру елді отаршылдыққа үйрету, сауатсыздықты жою үшін ересектерге де, балаларға да мектеп ашу жұмыстары жүргізілді. 1934–1939 жылдары қазіргі Жаңа–жұрт колхозы алғаш рет құрылды. Қазіргі Талды бұрынғы Шаруатеңеу өңірі. Қызылтау болысы орталығы – Қошқарбай ауылына қараған. Ең әуелі бірінші ұйымдасқан қоғам «Мойын серік» ұйымдары біртіндеп колхозға біріге бастады. Егінді күш көлікпен салды. Ол уақытта техника болған жоқ. 1954 жылы ұсақ колхоздар ірілендіріліп, аудан бойынша 11 колхоз құрылды. Соның бірі – «Роза Люксембург» колхозы. «Шаруатеңеу» осы колхоз қарамағында болды. Одан кейін «Роза Люксембург» колхозы үкіметтің қайта ірілендіру саясатына байланысты  1960 жылы «Путь к Коммунизму» совхозынан Талды  Шет ауданы мамандандырылған шаруашылық болып бөлініп шықты.

         Талды селолық округі Шет ауданының Нұраталды ауылы мен Ақшоқы ауылының орталығында Талды өзенінің бойында орналасқан. Талды ауылында «Наршөккен», «Қотыр Қызылтау» қорығы, таулары орналасқан. Қорықта өте сирек кездесетін аңдар: арқар, елік, сілеусін, жабайы доңыз т.с.с аңдар жайлаған. Талды өзені Қызыл – Жартас, Қара – Жартас және Жаңажұрт өзендерінің қосылуымен Талды ауылының қасынан өтеді. Табиғаты шырайлы, өте ғажайып тау және өлке көріністерін кездестіруге болады. Талды ауылының жер көлемінің жалпы ауданы – 125894 га, егістік – 5955 га, шабындық – 2708 га, жайылым – 103263. Ауа – райы қолайлы. Ауыл орталығы Талды ауылы Талды өзенінің бойында Ақсу–Аюлыдан солтүстік шығыс  60 шақырым Қарағанды қаласынан  110 шақырым оңтүстік шығысқа қарай орналасқан. Округ орталығы Талды ауылы.     

 

   Этнография

 

         Талды өңірі – тарихи ескерткіштерге бай өңір. Ол туралы ғалым Әлкей Марғұланның «Орталық Қазақстан жеріндегі Бегазы Дәндібай мәдениеті» атты еңбегінде жазылған. Мысалы: Талды, Жаңажұрт, Байбала аумағындағы қоныстар археологиялық картаға түсірілген. Талды өңірінде ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырға жататын Данияр моласы, Сеңкібай батырдың, Мейірман мырзаның, Малғара Ақшаұлы мазарлары сақталған. Ауылымыздың егемендік алғанға дейінгі тарихы осы.

                                              Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

                                              Туып өскен ел қымбат.

 

Адам үшін туған жерден ыстық не бар?

Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Табиғаттың пайда болуы – адамның пайда болуына әкелді. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың тамаша бір қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз–ақ өзін тазартып ала алады. Ол адам баласының іс–әрекеттерінің қалдығынан өзін–өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады. Бұл жерде адам көмегі керек–ақ!

Жер бетінде бейбітшілікті сақтаудың өзі табиғатты қорғау мәселелерімен тығыз байланысты, сондықтан да мемлекетаралық   келіссөздердің бәрінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері күн тәртібінен түсіп көрген емес.

Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек үшін күрес. Туып–өскен ортаның  табиғатын қорғау үшін: әрбір адам өз жерінің табиғатын, оның ерекшеліктерін білуі қажет, неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, сауатты түрде өз көмегін бере білуі қажет деп ойлаймын.

 Мен өз туған жерімді, ауылымды мақтан етемін. Қазақта керемет бір мақал бар: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

         Ауылымның топырағы мен жері өте қасиетті деп есептеймін. Себебі бұл ұлы жерде қасиетті қас батыр – «Сеңкібай би» атамыз жерленген. Жылдан–жылға ауылымзға келіп Сеңкібай би атаға құран бағыштап келушілер саны көбейіп келеді. Талды ауылын естіген адамдардың бәрі ол жерде «Сеңкібай би» ата жерленген жер деп құрметтейді.

         Ауылымыздың ең үлкен биік нүктесі – Наршөккен тауында арқар, киік, қызыл түлкі, қасқыр, қарсақ т.б. жануарлар мекендейді. Тау баурайында ақ қайың, сұлу терек, сарымсақ, қымыздық, құланжуа, долана тіпті хош иісті талқарақат пен бүлдірген т.б. керемет өсімдіктер өседі. Жазды күні талқарақат пен бүлдіргеннің хош иісі мұрын жарады. Ал құстардың ең ірісі қыран бүркіт қыр басына ұя салады. Тағыда керемет жерінің бірі – Сарыкөл. Оның жағасына көктемде махаббат белгісі болып табылатын, қанаттарын кербез қаққан аққулар, қаңқылдаған қаз–үйректер келіп қонады. Бұл кездегі керемет сұлулықты көрген адам көз алдынан кетпес әдемі әсер алады. Талай ақындар бұл тау туралы жыр төккен.

         Мысалы ақын Жәкен Байтуов «Наршөккен» атты өлең жолдарында:

Наршөккен кербез сұлу тау ордасы,

Бұлт құшып, күнді сүйген қыр арқасы.

Жас қайың, сұлу терек, мәуелі гүл,

Жұпардай иісі аңқыған таза ауасы.

Қырандар шың басына ұя салған,

Сайына арқар, киік сая қылған.

Тағы аңдар, қызыл түлкі, тағы қарсақ,

Жорытып жотасына ойын салған.   

Наршөккен – тарихи тау, жырдың белі,

Ертеде мекен еткен қазақ елі.

Пайдасын байлар көрген өткен күнде,

Демейді өтірік деп ешуім мұны.

Наршөккен – көлбеп жатқан жалғыз биік,

Басқа тау тәжім еткен басын иіп.

Тоймайсың қызығына тұрсаң қарап,

Кете алмас көрген адам мұны қиып.

Сайынан сылдыр қаққан сансыз бұлақ,

Сынаптай сырғып аққан төмен құлап.

Құлпырған көк жібектей басын изеп,

Жайқалып жағасына біткен құрақ.

Балауса, балдыр тағы боз бен жусан,

Дертіңе дауа болған деміңді алсаң.

Ішіне кірген адам шыға алмайды,

Жазады қандай әлсіз ауру болса.

Бүлдірген, талқарақат, сарымсағы,

Қымыздық, құланжуа біткен тағы.

Жемісті құмарлықпенжесең дағы,

Кетпейтін таңдайыңнан тәтті дәмі. 

Таппайсың Наршөккеннен ешбір айып,

Колхозы «Қызылтудың» отыр байып.

«Шөп біткен жерге, ел айтқан, тал бітер деп,

Мың–мыңнан жотасына қойын жайып.

Аралап шыға алмассың жота сайын,

Көгеріп шыққан терек, тал мен қайың.

Егін сал малыңды өсір, байлық сонда,

Не керек іздегенге бәрі дайын.

Бауырында Наршөккеннің «Сарыкөл» суы,

Қаңқылдап ұшып қоған қазбен қуы! 

 Расыменде жырда жырланғандай Наршөккен тауының табиғаты керемет. Бұл тау арқылы «Ұлы Жібек жолы»  өткен. Осы өлеңде туған өлкенің табиғаты толықтай жырланып тұр емес пе? Олай болса туған өлкенің бар асылы осы өлеңде!

 «Қазақстан – 2030» бағдарламасын іске асыру барысында қоршаған ортаны сауықтыру тікелей өсімдіктер дүниесіне байланысты. Біздің табиғатқа экология – экономикалық қатынасымыз бен жанашырлық көзқарасымыз керек. Сондықтан бұл ғылыми – шығармашылық еңбекте көрсетілген жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді көгалдандыруға пайддаланудың эстетикалық, экологиялық, медициналық мәні өте жоғары.

         Өлке жабайы өсімдіктер дүниесіне бай оларды қорғау, сақтап қалу үшін ерекше қамқорлық керек. Сондай–ақ, өсімдіктердің шипалық қасиеттері олардың құрамындағы заттарға байланысты. Ауылдағы емдік шөптерді жинап, құрамына қарай дәрі – дәрмек жасайтын өндіріс орны ашылса, оны жергілікті халық пайдаланар еді.

         Болашақта Талды ауылында мынадай игі істер атқарылмақ:

  1. Пайдалы өсімдіктердің қорын молайту, жергілікті жерді көгалдандыру, сәндік ағаштар егу.

  2. Өсімдіктер маңызды мен құндылығын халыққа насихаттау.

  3. Өсімдіктер дүниесін қорғауға жаппай атсалысу.

  4. Саны аз, шипалы өсімдіктерді мәдени түрге көшіру, түрін сақтап қалу.

  5. Көгалдандыру, ағаш егу айлығын жариялау, күзде – қыркүйек, көктемде – сәуір айы.

  6. Әр үй, әр оқушы екі ағаштан отырғызуды міндетіне алу.

  7. «Қазақстан –  2030» әлеуметтік– экономикалық бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысу.

  8. Әр адамның экологиялық сауаттылығын және табиғатты қорғау заңдарын білуін қадағалау.

  9. «Наршөккен» тауы баурайында –  оқушыларды сауықтыру–жазғы дем алатын лагерь ашылса деген арман бар!

ПРОЕКТ 3

 

Это текст. Нажмите один раз и выберите «Редактировать текст» или просто кликните дважды, чтобы добавить свой текст и настроить шрифт. Вы можете переместить его в любое место на странице. Расскажите посетителям сайта о себе.

bottom of page