top of page

БІЗ ЖАЙЛЫ

Талды ауылдық кітапханасында1986-1996жылға шейін  Кәкімжанов Бақыт Амангелдіқызы   жұмыс істеген. 1996 жылы совхоздардың тарауына байланысты кітапхана, клуб ғимараты жабылған.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша 2003-2005 жылдар аралығында ауылды көркейту жылына байланысты ауылымыздың мәдениет үйін 2005 жылы қайтадан  жөндеуден өткізді.2003 жылдан бастап Ж.Аманбаеваа қызмет атқарды.2005 жылдан бастап мен,Жуасбай Сауле Саулебеккызы қызмет атқарамын.2010жылдан бастап Қасымова Жанар Кенжегулкызы қызмет атқарады.Қазіргі таңда екеуміз бірге қызмет атқарудамыз.Кітапхана мәдениет үйінің 2 қабатында орналасқан от қазандығына қосылған.

Талды ауылдық кітапхана 2003 жылы сәуір айында  2750 кітап қорымен ашылған.Қазіргі таңда 6223 кітап бар орысшасы 2100 кітап бар балаларға арналған кітап  1600 дана болады.2015- ші жылға 219 кітап берілді  жылда кітап қоры жаңа кітаптармен толықтырылып отырады.   Модельді кітапхана мәртебесі 2007-ші жылы  берілді. Кітапхана заман талабына сай жаңа жиһаздармен жабдықталған. Он орындық бар,алты стол, компьютер интернет жүйесіне қосылған, телефон бар, 50-6-59  нөмірі қосылған. 2015-ші жылға 870 оқырман жоспар бойынша орындалды ал 2016-ға 830 –оқырман жоспарлап отырмыз.

 Талды ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесі 2007 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді. Кітапхана Талды ауылының мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан. Оның көлемі 56 ш/м.

Ауылда 843 тұрғыны бар. Кітапханада 855 оқырманы бар. Кітапханада 56616 дана кітап қоры бар. Оқырмандарға кітап берілімі 20496 дана, оқырмандардың келімі 10248. 30 шақты мерзімді ақпараттық басылымдары бар.

Жаңа үлгідегі Талды ауылдық кітапханасы 2010 жылдан бастап балалармен «Жас тарихшылар» клубы жұмыс істейді. «Жас тарихшылар» клубы оқырмандардың бос уақытын өткізуге, олардың жалпы қаламгершілік қызығушылықтарын, әр түрлі әдеби сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылған. Клубтың қызметі: танымдық, насихатшылық және көркем шығармашылық.

Кітапханашы Word, Excel, PowerPoint программасымен жұмыс істей алады. Сонымен қатар электронды презентациямен қолданылады.

Қызметкерлері:

Жуасбай Сәуле Сәулебекқызы, Қасымова Жанар. Білімдері орта арнаулы. Жуасбай Сәуле Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжінде кітапханашы мамандығын бітірген.

Жуасбай Сәуле
Кітапханашы
bottom of page