top of page

Тал бесігім,Талдым!

Талды ауылының тарихы

Талды ауылының ескіше аты – Шаруатеңеу болған. 1926 жылы осы Шаруатеңеу «Мойын» серіктігі құрылған. Осы уақытта шаруалардың басын қосып, серікті құру елді отаршылдыққа үйрету, сауатсыздықты жою үшін ересектерге де, балаларға да мектеп ашу жұмыстары жүргізілді. 1934–1939 жылдары қазіргі Жаңа–жұрт колхозы алғаш рет құрылды. Қазіргі Талды бұрынғы Шаруатеңеу өңірі. Қызылтау болысы орталығы – Қошқарбай ауылына қараған. Ең әуелі бірінші ұйымдасқан қоғам «Мойын серік» ұйымдары біртіндеп колхозға біріге бастады. Егінді күш көлікпен салды. Ол уақытта техника болған жоқ. 1954 жылы ұсақ колхоздар ірілендіріліп, аудан бойынша 11 колхоз құрылды. Соның бірі – «Роза Люксембург» колхозы. «Шаруатеңеу» осы колхоз қарамағында болды. Одан кейін «Роза Люксембург» колхозы үкіметтің қайта ірілендіру саясатына байланысты 1960 жылы «Путь к Коммунизму» совхозынан Талды Шет ауданы мамандандырылған шаруашылық болып бөлініп шықты.

Талды селолық округі Шет ауданының Нұраталды ауылы мен Ақшоқы ауылының орталығында Талды өзенінің бойында орналасқан. Талды ауылында «Наршөккен», «Қотыр Қызылтау» қорығы, таулары орналасқан. Қорықта өте сирек кездесетін аңдар: арқар, елік, сілеусін, жабайы доңыз т.с.с аңдар жайлаған. Талды өзені Қызыл – Жартас, Қара – Жартас және Жаңажұрт өзендерінің қосылуымен Талды ауылының қасынан өтеді. Табиғаты шырайлы, өте ғажайып тау және өлке көріністерін кездестіруге болады. Талды ауылының жер көлемінің жалпы ауданы – 125894 га, егістік – 5955 га, шабындық – 2708 га, жайылым – 103263. Ауа – райы қолайлы. Ауыл орталығы Талды ауылы Талды өзенінің бойында Ақсу–Аюлыдан солтүстік шығыс 60 шақырым Қарағанды қаласынан 110 шақырым оңтүстік шығысқа қарай орналасқан. Округ орталығы Талды ауылы.

Этнография

Талды өңірі – тарихи ескерткіштерге бай өңір. Ол туралы ғалым Әлкей Марғұланның «Орталық Қазақстан жеріндегі Бегазы Дәндібай мәдениеті» атты еңбегінде жазылған. Мысалы: Талды, Жаңажұрт, Байбала аумағындағы қоныстар археологиялық картаға түсірілген. Талды өңірінде ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырға жататын Данияр моласы, Сеңкібай батырдың, Мейірман мырзаның, Малғара Ақшаұлы мазарлары сақталған. Ауылымыздың егемендік алғанға дейінгі тарихы осы.

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат.


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page